Құқық қорғаушылар адам құқығына байланысты онлайн курсты іске қосты

«Ерікіндік Қанаты» қоғамдық қоры адам құқығына байланысты онлайн курсты іске қосты


20/06/2022
13:59 32441 0

Фото: Pixabay

 

«Amnesty International» халықаралық ұйымы «Адам құқықтарына кіріспе» атты қазақ тіліндегі онлайн курсын іске қосты.

 

Білім беру бағдарламасы «Amnesty International» ұйымының ағылшын тілінде жарық көріп, кейіннен 19 тілге аударылған жобасы негіз болған. 

 

— 2022 жылғы «Қайғылы Қаңтар» оқиғалары құқық қорғау қауымдастығының Қазақстан халқымен бір тілде – қазақ тілінде сөйлеуі керектігін ашық көрсетті. Біздің алдымызда ауқымды әрі шабыт беретін мақсаттар тұр. Біз қазақстандықтардың өз құқығын білуіне, өз бостандықтарын бағалауына және оларды сотта немесе күнделікті өмірде тек ғана қоғам белсенділері ретінде емес, өз елінің қарапайым азаматы ретінде де қорғай алуына септігімізді тигізгіміз келеді, — деді «Еркіндік Қанаты» қоғамдық қорының атқарушы директоры Елена Швецова. 

 

«Адам құқықтарына кіріспе» әлем бойынша 50 мың адам өтіп жатқан «Amnesty International» ұйымының танымал курсы. Курс күнделікті өмірдегі адам құқығы, адам құқығын қорғаудағы мемлекеттің рөлі, құқық қорғау ұйымдарының маңыздылығы және т.б бірнеше бөліктен тұрады.  

 

Қазақ тіліндегі «Адам құқықтарына кіріспе» курсы жастармен қатар мұғалім, заңдер, журналистер сынды кең аудиторияға арналған. Оқуды өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта бастап, курсты аяқтағаннан кейін сертификат ала аласыз. 

 

Жобаны «Ерікіндік Қанаты» қоры  «Сорос – Қазақстан» қорының қаржылық және «Amnesty International» ұйымының ақпараттық қолдауымен жүзеге асыруда. 

 

Поделиться

Нет комментариев.

20/06/2022 13:59
32441 0

Уведомление